Бүгін Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады. Таяуда ғана доминикандық қарсыласын алғашқы секундтарда-ақ нокаудқа түсіріп, чемпиондық белбеу иеленген спортшыны жеңісімен тағы бір құттықтады. Одан соң екеуара әңгіме еліміздегі кәсіпқой боксты дамыту, әсіресе ауылдық жерлердегі бокс үйірмелерін көптеп ашу жайында өрбіді. Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел спортшыларына көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғысын білдірді. Ал Президент боксшының алдағы жекпе-жектеріне жеңіс тіледі.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65927/)