Еліміздегі атты әскердің сарбаздары Моңғолия еліне аттанды. Олар «АрМИ-2019» жарысында еліміздің намысын қорғайды. Биыл әскери ойындардың тізіміне ат үстінде өнер көрсету сайысы қосылған. Біздің сарбаздарымыз бұл жарысқа 5 ай бойы дайындалды.
Моңғолия жеріндегі жарыс тамыз айының басында басталады. Әскерилер жергілікті аттарға бой үйрету үшін жолға ерте шыққан. Жалпы «АрМИ-2019» халықаралық ойындарында 32 байқау болады. Қазақстандық сарбаздар оның тең жартысына қатысады. Ал біздің елімізде 3 сайыс өтеді деп жоспарланған.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық сарбаздар халықаралық жарысқа қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/65972/)