Есірткі сатумен астыртын айналысатын интернет ресурстар көбейіп барады. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізетін «KZ-CERT» компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметі әлгіндей 46 сайтты анықтаған. Олардың мәліметінше, жасырын сауда негізінен ірі қалаларда, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавлда жүргізілген. Негізінен косметикалық бұйымдар сататын интернет-дүкен ретінде тіркеліп, заңсыз әрекеттерін іске асырып келген. Тұтынушылардан төлемдерді онлайн түрде қабылдап отырған.
Медет Ысқақов, «Kz-Cert» қызметінің басшысы:
Негізі бұл жұмыс жылдың басынан басталды. Біздің әріптестер арнайы мониторинг арқылы және интернет желісінде сараптама жүргізген осы сараптама нәтижесінде біз осындай ресурстарды анықтадық.
Ербол МӘНДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астыртын есірткі сатумен айналысатын интернет ресурстар көбейіп барады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66016/)