«Бірге - Таза Қазақстан» экологиялық акциясына облыс бойынша 2000-ға жуық адам қатысып, 300 тоннадай қоқыс шығарды. Эко-челленджге әсіресе мемлекетік қызметкерлер мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері белсенділік танытты. Олар теңіз жағасы мен 25 тарихи-мәдени орынды қатты қалдықтардан тазартқан. Сенбілікке 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Ерікті жастар да Ақтаудағы «Ақбота» саябағында, «Ана мен бала» орталығы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аббат Өрісбаев, Маңғыстау облыстық Мәслихатының депутаты:
Әрқашанда әр азаматтың парызы — өзінің табиғатын, тұрғын жерін таза ұстау.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қоршаған ортаның тазалығына Маңғыстаулықтар да бірауыздан атсалысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66064/)