Алматыда «Бродвей» музыкасы мен хип-хоп өнерінен отандық өнерпаздардың қорытынды кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Бродвей» музыкасы мен хип-хоп өнерінен отандық өнерпаздардың қорытынды кеші өтті

31.07.2019

Алматыда әлемдік өнер академиясының мамандарынан «Бродвей» музыкасы мен хип-хоп өнері бойынша тәлім алған отандық өнерпаздардың қорытынды кеші өтті. Биыл мамыр айында басталған жобаға қатысуға елдің барлық аймағынан 100-ден астам үміткер ұсыныс білдірген. Солардың 70-і мектепке қабылданған. Әсіресе, «Бродвей мюзиклына қызығушылар көп болды», - дейді шараны ұйымдастырған АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері. Себебі, осы бағыт ән, би және актерлық өнерді бір арнаға тоғыстырады. Қазір шетелдік мамандардан тәлім алған азаматтар жеке мектептерін ашып, балаларды қабылдап, әрі қарай жұмысын жандандыруда.

Карли Ван Орман , АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығының өкілі:

Болашақта осы бастаманы әрі қарай жалғастырамыз деген үмітіміз зор. Себебі, Қазақстандықтар Бродвей музыкасына қызығатынын байқадым. Қатысамын деп ұсыныс білдіргендер де аз емес. Жалпы, бұл әлемде енді дамып келе жатқан бағыт. Осы арқылы тағы да бірнеше жоба жасауға болады деп ойлаймын.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу