Елордада шайбалы хоккейден Президент кубогы басталды. Халықаралық турнирдің ашылу сәтіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Турнир тамыздың 11-не дейін жалғасады. 5 хоккей клубы Президент Кубогы үшін таласады. Алғашқы болып бүгін астаналық «Барыс» пен Қазанның «Ак барс» клубтары ойнады. Сондай-ақ турнирге қатысуға ниет білдерігендер: Екатеринбургтен «Автомобилист», Нижнекамсктен «Нефтехимик» және Уфалық «Салават Юлаев» клубтары. Елімізде бұл кубок 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Біздің «Барыс» бұл додада төрт рет жеңімпаз атанған еді.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев хоккейден Президент кубогі ойындарының ашылу салтанатына қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66149/)