Айырқалпақты ағайындардағы алабүлік біздің елді де алаңдатпай қоймайтыны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жариялады. «Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді», - делінген жазбада.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66163/)