Президент бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев министрлік жұмысының жеті айдағы қорытындысы туралы ақпаратты тыңдады. Атап айтсақ, Қанат Бозымбаев Президентке жанармай нарығындағы жағдай мен мұнай өңдеу зауыттарының жай-күйі және энергетика саласына тартылатын инвестициялардың оң қарқыны туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы саланың дамуына оң баға беріп, жұмысты ары қарай жандандыруға қатысты тапсырмалар жүктеді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66222/)