Тамыздың 16 мен 20 аралығында елордада халықаралық жастар конференциясы өтеді. Бүгін ұйымдастырушылар осынау ауқымды іс-шараның жоспарларымен бөлісті. «HPAIR ASIA-2019» конференциясы Қазақстанда алғаш рет өтеді және оған 40-тан астам елдің студенттері қатысады. Білімді, әрі белсенді жастар негізінен «Өзгерістерге ұмтыл» атты тақырып төңірегінде өзара пікір алмасады. Атап айтқанда, ғылыми жобалар, экономикалық тұжырымдамалар, мәдени-гуманитарлық саладағы жобаларын таныстырып, оны одан әрі іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөліседі. Жастар конференциясы халықаралық және отандық ірі компаниялар демеушілігімен өтеді.
Ырымгүл Ыбырайымова, Ұйымдастыру комитеті атқарушы директорының орынбасары:
Қазақстандағы барлық университеттер шақыру алған. Бұл конференцияға шетелдік делегаттар ғана емес, Қазақстанның да өздерін көрсете алған көптеген университеттердің студенттері қатысады. Бұл конференцияның оларға беретін жақсы жақтары — әлемнің үздік спикерлерімен қарым-қатынас орнату.
Ербол МӘНДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«HPAIR ASIA-2019» конференциясы Қазақстанда алғаш рет өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66231/)