«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік нысанның қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Оның төртеуі түгелдей бұзылып, қайта тұрғызылған. Бұл туралы бүгін «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта 56 нысан пайдалануға берілген. Қалған 8 нысанның жөндеу жұмыстары 20 тамызда толық аяқталмақ.
Ал, қайта тұрғызылып жатқан ғимараттардың қатарында жедел-жәрдем, стоматологиялық бөлім, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және балабақша бар. Жалпы, «Самұрық-Қазына» Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына 7 млрд теңге бөлген.
Ербол МӘНДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Арыстағы әлеуметтік нысандардың құрылысы аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66252/)