Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму барысын мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев Арыс қаласындағы маңызды нысандар мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына және облысты дамыту үшін қабылданып жатқан іс-шараларға ерекше назар аударды. Экономикаға шетел капиталын тарту, өңірлердің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66277/)