Жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум өтеді. Қазақстан цифрландыру және жасанды интеллект саласында неміс кәсіпкерлерімен өзара әріптестікті бекемдеуді жоспарлап отыр. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдап, осы жайында пікір алмасты. Сондай-ақ, Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Клаус Мангольд, Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің тәуелсіз директоры:
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66279/)