Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті де қабылдады. Президентке өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық жайы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанай әуежайын қайта жөндеу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Архимед Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылу беру жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66309/)