Оқиға қыстақта түнгі сағат 3-тің шамасында болған. Малмен бірге 162 тонна шөп пен шаруашылық құрылысы, пішен қора өртенген. Алдын ала мәлімет бойынша, от қасақана қойылған. Сондай-ақ демалыс күндері Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округінде екі шаруашылықтың 200 тоннадай шөбі отқа оранған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Болатбек Белгібеков, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Өрттің шығыны мен нақты себебі анықталуда. Жаңақала ауданындағы оттың жалпы аумағы 2450 шаршы метр. Қазір Қылмыстық кодекстің 204-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаңақала аудандық полициясы тергеу жүргізуде.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында 100 қой мен 8 сиыр тірідей жанып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66346/)