![Қазақстан мен Марокко ынтымақтастығы арта түседі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66860.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королдігі парламенті кеңесшілері палатасының төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилламен кездесті. Екіжақты кездесуде Қазақ елі мен Марокко арасындағы қарым-қатынасты арттыру жайы талқыланды.
Сенат спикері елде «Қазақстан-2050» стратегиясының іске асырылып жатқанын және келесі жылы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің өтетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко елін осы съезге атсалысуға және 2017 жылы өтетін ЕХРО халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Марокко ынтымақтастығы арта түседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66449/)