![Қазақстан мен Қытай мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша келісімге қол қойды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66869.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Енді еліміздің мемлекеттік қызметкерлері Қытайда кәсіптік білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов Қытай Халық Республикасының Адами ресурстар және әлеуметтік қамсыздандыру вице-министрі Ян Шицюмен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат шеңберінде әріптестік кездесу, білім жетілдіру, тәжірибе алмасу сияқты шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
Әлихан Бәйменов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Біздің мақсатымыз - мемлекеттік қызметке қызметшілерді іріктеу, Қытаймен тәжірибесі ғана емес, ақпарат алмасу.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Қытай мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша келісімге қол қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66458/)