![Түркітілдес елдердің әлеуметтанушылары бас қосты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66870.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қоғамның әлеуметтік дамуы. Бүгін Алматыда осы тақырыптаәлеуметтанушылардың V конгресі басталды. Жиынға Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғыз елдерінен өкілдер келді.
Бұл жолғы кеңесте әлеуметтік жаңарудың өзекті мәселелері талқыланды. Әсіресе, адами әлеуметтік капиталды дамытуға, түркі елдері арасындағы дінаралық қарым-қатынас, жастардың мамандығына деген қызығуышылығын арттыру жайларын сараптады.
Мәнсия Садырова, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор:
Жастардың 50 пайыздан астамы өзінің мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша, басқа мамандық бойынша жұмыс істейтіндер табысы 100-150 мыңнан жоғары жұмысқа орналасады екен. Мақсатымыз - еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру.
Айгүл ЕРМАХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркітілдес елдердің әлеуметтанушылары бас қосты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66459/)