![Сенат төрағасы ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66878.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысыЛамберто Заньермен кездесті. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Украинадағы жағдайды реттеуде маңызды рөл атқарады»,- деді лауазымды тұлға.
Бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуда болашақтағы тұрақты және сенімді әріптес ретінде Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің құрамына, соның ішінде астаналық декларациядағы стратегиялық мақсат - Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік ұйымын құруға қол жеткізу үшін өз кандидатурасын ұсынды.
Сондай-ақ, кездесу барысында өңіраралық қатынас мәселелері сөз болды.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат төрағасы ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66467/)