![«Қазақфильмнің» 49 пайыз акциясы сатылымға шығарылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75145.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жекешелендірудің екінші толқынындағы тізімде Республика сарайы, «Қазақ энциклопедиясымен» қатар, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы да бар.
Жарияланған кәсіпорындар тізімінде «Қазақфильмнің» 49 пайыз акциясы сатылымға шығарылған.
Сондай-ақ, 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің екінші толқынында 40 нысан шығарылып, 14-і сатылды. Оның 12-і - мемлекеттік меншіктегі, ал, екеуі - Ұлттық холдинг нысаны.
Республика бойынша мемлекет иелігінен жалпы саны 853 нысан сатылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақфильмнің» 49 пайыз акциясы сатылымға шығарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/6651/)