![ЕҰУ студенттеріне дәріс оқылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66926.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
3-шілде - Беларусь Республикасының тәуелсіздік алған күні. Осыған орай, Еуразия Ұлттық университетінде «Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің қарым-қатынасын дамытудың негізгі бағыттары» атты дөңгелек үстел өтті.
Игі шара Қазақстандағы Беларусь Елшілігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Оған оқу орнының студенттері мен профессор-ғалымдары қатысты.
Олар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дәріптейтін дәрістер оқып, Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі мақсаттары мен құжаттағы басым бағыттарды талқылады.
Сондай-ақ, алдағы уақытта жоғары оқу орнының оқытушылары білімгерлерге құнды құжатқа қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізетіндігін айтты.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ЕҰУ студенттеріне дәріс оқылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66541/)