Әлем Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде таниды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде таниды

01.07.2014
Әлем Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде таниды

Әлем Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде таниды. Түрлі мемлекеттің басшылары мен министрлері мемлекеттің мұндай жетістікке жетуіне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің зор екенін айтады.

Хиллари Клинтон, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы:

Мен Қазақстанды өз халқын қауіп-қатерден бірінші болып қорғайтын ел ретінде танимын. Себебі, Қазақ басшысы елін ядролық қарудан тазартты. Бұл тұрғыдан келгенде, АҚШ Қазақстанмен серіктес болып қала береді. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері қарқынды дамып келеді. Әсіресе, экономикалық салаға ерекше мән берген. Қазір әлем елдері Нұрсұлтан Назарбаевты алдына қойған мақсатына жеткен адам ретінде таниды.

Сүлеймен Демирель, Түркия Республикасының бұрынғы Президенті:

Мен Қазақ елімен болған достық қарым-қатынасымызды өмір-бақи ұмытпаймын. Біз бауырлас елміз. Сол себептен болар, біздің арамызда аға-інілік жақындық пайда болды. Қазақстанға жасаған маңызды да мәнді іс сапарлар ерекше әсер қалдырды.

Питер Кент, Канаданың мемлекеттік сыртқы істер министрі:

Мен Қазақстан туралы көп оқыдым, елдер ол мемлекет туралы үнемі жақсы әңгімелер айтады. Астанада бірінші рет болғанымда, мені қаланың сәулеті мен халқының қонақжайлылығы ерекше таңғалдырды. Канада - Қазақстанның көшбасшы ел екенін мойындайды және жоғары бағалайды.

Хабарламаларға жазылу