![Ақмола облыстық сайлау комиссиясы жұмысын бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_66965.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елбасы Жарлығына сәйкес, үстіміздегі жылдың қазан айында Сенат депутаттарының сайлауы өтеді.
Осы бір лауазымға үміткер азаматты іріктеу мақсатында Көкшетау қаласында 7 адамнан құралған облыстық сайлау комиссиясы құрылды.
Мұндай комиссиялар әр ауданда жұмысын бастады. Сайлау мәслихат депутаттарының жанама дауыс беруі арқылы өткізіледі. Облыс бойынша мәслихат депутаттарының саны - 276.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облыстық сайлау комиссиясы жұмысын бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66580/)