![Астана қаласының әкімі Татарстан Президентімен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67003.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов те кездесті. Кездесу барысында іскерлік және мәдени-ағартушылық салалардағы екі жақты тиімді серіктестік байланыстар талқыланды. «Татарстан біз үшін өте маңызды серіктес. Бұған тек халықтарымыздың рухани ортақ құндылықтары ғана емес, белгілі объективті факторлар да ықпал жасауда», - деді қала әкімі. Өз кезегінде Татарстан Президенті жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, қабылдаушы тарапты тек қана индустрия саласында ғана емес, спорт бағытында да ынтымақтастық құруға шақырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана қаласының әкімі Татарстан Президентімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66618/)