![Астанада су көлігі түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67012.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Су көлігінің қауіпсіздігі. Бұл мәселе бізде де өзекті. Бүгін Астанада осындай тақырыппен халықаралық жиын өтті. Басқосуға жиналғандар – су көлігіне қатысты заңнаманы жетілдіру, теңіздегі әкімшілік жұмыстарды күшейту, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады.
Іс-шараны ұйымдастырушы Инвестиция және даму министрлігінің өкілдері –теңізшілерді даярлау, теңіздегі адам өмірін қорғау деп аталатын заңдарға өзгерістер енгенін сөз етті. Жиынға қатысушылар теңіздегі кеме қозғалысын толық қауіпсіз ету үшін – навигациялық орталық салу қажеттігін баса айтты. Осы мекеме – су үстінде болған апатқа жедел жетіп, олқылықты түзеуге тиіс. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуі қажет екен. Мұнан бөлек, алыс сапарға шыққан кемелерді спутникпен бақылау жүйесін енгізу қажеттігі де айтылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада су көлігі түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66627/)