![Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ күзгі отырысына қатысуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67021.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Женевада Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысы ашылды. Басқосуға Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация да қатысып жатыр.
Осымен 13-ші рет ұйымдастырылып отырған жиынға әлемнің 56 елінен барған депутаттар «Қауіпсіздіктің жаңа қатерлері; парламенттердің рөлі» тақырыбын талқылауда. Сондай-ақ, делегаттар әскери-саяси, экономика мен түрлі экологиялық проблеманы шешудің жолдарын сарапқа салатын болады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ күзгі отырысына қатысуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66636/)