![Сенат төрағасы консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67036.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық консультативтік кеңестің мүшелерімен кездесті.
Кездесуге Австрия Республикасының бұрынғы Федералдық канцлері Альфред Гузенбауэр, Польша Республикасының бұрынғы Президенті Александр Квасьневский, сондай-ақ Италия Республикасының бұрынғы Премьер-министрі және Еуропалық Комиссияның бұрынғы төрағасы Романо Проди қатысты.
Сенат басшысы меймандарды Қазақстан Парламентінің құрылымы және қызметімен таныстырды, сондай-ақ, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Женевада өткен сессиясы туралы хабардар етті. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылай келіп, басқосуға жиылғандар Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинадағы жағдайды реттеуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат төрағасы консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66651/)