![Арал теңізінің су-энергетикалық ресурстарын басқару жайы талқыланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67053.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мирослав Енчпен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, Орталық Азиядағы ахуал, Арал теңізінің су-энергетикалық ресурстарын басқару жайларын талқылады.
Ерлан Ыдырысов Мирослав Енч жетекшілік ететін терроризм, экстремизм, есірткі айналымына қарсы күрес секілді трансшекаралық қылмыстарды реттеумен айналысатын орталықтың жұмысын жоғары бағалады.
Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Арал теңізінің су-энергетикалық ресурстарын басқару жайы талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66668/)