Сыртқы істер министрі Қазақстанның Еуразиялық экономикалық комиссияның мамандандырылған комитеттерімен тығыз жұмыс істеуге мүдделі екендігін, өзара әріптестіктің жаңа бағыттарын дамытуға бар күш-жігерін салатындығын жеткізді.
Екі жақ алдағы уақытта өңірлік энергетикалық жобаларды жүзеге асыру керектігін де атап өтті.