![Сот төрелігін жеңілдету жолы қаралды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67092.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Азаматтық сот ісін жүргізудің жеңілдетілген тетігін енгізу. Сот процесстерінде дәлелдемелер мен түсініктемелерді қашықтықтан бейне байланыс арқылы тыңдау. Бүгін Жоғарғы сотта ертеңнен бастап, күшіне енетін сот төрелігіне қатысты Заңның жаңашылдықтары жан-жақты сөз болды. Шараға барлық облыстық сот өкілдері мен Бас прокуратура қызметкерлері қатысты. Басты жаңашылдықтардың бірі - аудио-видео жазбаларды жазбаша хаттама арқылы тіркеу мүмкіндігі. Бұл бұрын да мүмкін еді, алайда онда аудио-видео жазба тек қосымша ретінде ғана тіркеліп келген. Сот төрелігіне қолжетімділікті арттыруды Президент былтыр Судьялардың 4-ші съезінде тапсырды.
Сондай-ақ, съезде Президент судьялардың штаттық бірлігін арттыру шешімін жариялаған болатын.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сот төрелігін жеңілдету жолы қаралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66707/)