![Қытай премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67109.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең елімізге Қытай мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі Ли Кэцзян келмек. Қытай үкіметінің жетекшісін Президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды деп жоспарланған. Тараптар энергетика, транспорт, сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселелерін талқыламақ. Ресми сапары кезінде Ли Кэцзян ШЫҰ мүше мемлекеттерінің Үкімет басшыларының 13-ші деңгейіндегі отырысына қатысады.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытай премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66724/)