![Гүлшара Әбдіқалықова Италия Елшісімен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67157.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы Италия Елшісі Стефано Раваньянды жаңа қызметімен құттықтады.
Елшінің дипломатиялық жұмысына табыс тілеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты cөз етті.
Сондай-ақ, кездесуде италиялық компаниялардың индустрияландырудың екінші бесжылдығына, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларына қатысуы талқыланды.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова 2015 жылы Миланда өтетін EXPO көрмесіне қатысуға ниетті екенін жеткізді.
Әлия ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гүлшара Әбдіқалықова Италия Елшісімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66772/)