![«Қазақстан - Еуропалық одақ» іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67182.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Еуропалық одақ Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі». Бұл туралы Брюссельде өткен басқосуда Еуропалық одаққа төрағалық етуші Латвияның Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс мәлімдеді.
«Қазақстан - Еуропалық одақ» іскерлік кеңесінің кезекті отырысына еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысып, екіжақты қарым-қатынасты дамытуға байланысты келелі келіссөз жүргізді.
Ерлан Ыдырысов Еуропалық одақтың жаңа басшыларына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан елге шақырту қағазын тапсырды.
Сондай-ақ, тараптар жиында Иранның ядролық бағдарламасы, Таяу Шығыс, Украина мен Ауғанстандағы ахуалды да назардан тыс қалдырмады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан - Еуропалық одақ» іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66797/)