![Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Словакия Елшісімен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67185.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов еліміздегі Словакия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзамен кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы 1993 жылдың 1 қаңтарынан бері үзілмей келе жатқан дипломатиялық байланыс жайы сөз болды.
Сондай-ақ, тараптар екіжақты саяси және экономикалық қарым-қатынасты дамыту жайын атап өтті.
Словакиялық Елші Қазақстанның әлем алдындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерінің шешілуіне қосқан үлесінің зор екендігін атап өтті.
Дәулетхан АҚАЙДАРОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Словакия Елшісімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66800/)