![Қабиболла Жақыпов Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Илкка Рэйсэненді қабылдады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67190.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Парламентте Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Илкка Рэйсэненді қабылдап, екіжақты қарым-қатынастың, сондай-ақ, парламентаралық интеграцияны дамытудың маңызды мәселелерін талқылады.
Спикер әсіресе, сауда-экономикалық байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын сөз етіп, аталған елдің компанияларын Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысуға шақырды. Оның айтуынша, бүгінде, қазақстандық экономиканың маңызды бөліктерінде 80-нен астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қабиболла Жақыпов Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Илкка Рэйсэненді қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66805/)