![Қазақстандық делегация Парламентаралық одақтың 132-ші Ассамблеясына қатысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67200.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осыған орай, Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов парламенттік делегацияның алғашқы ресми сапары барысында аталған ел басшысына Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы хатын табыстады.
Вьетнам президенті Чыонг Тан Шангпен кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері сөз болды.
Қазақстандық делегацияның Ханой қаласына сапары Парламентаралық одақтың 132-ші Ассамблеясымен тұспа-тұс келді.
Әлемнің 150 елінен келген 1500-ден астам делегат тұрақты дамудың ғаламдық мәселелерін талқылады.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық делегация Парламентаралық одақтың 132-ші Ассамблеясына қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66815/)