![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67210.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады.
Шетелдік мейманның пікірінше, ядролық қарусыздану және оны таратпау үдерістерінде Қазақстанның үлесі зор.
Сондай-ақ, дипломат Мемлекет басшысының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру туралы бастамасын жоғары бағалады.
Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мирослав Енчаға биыл Астанада өтетін V Съезге әзірлік туралы баяндады.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66825/)