![Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Францияға іссапармен барды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67218.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Францияға іссапармен барды.
Сапар барысында ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде болып, ұйымның Бас директоры Ирина Боковамен кездесті.
Тараптар ЮНЕСКО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.
ЮНЕСКО-ның Бас директоры Қазақстан басшылығының ұйымның әлеуетін кеңейтуге, оның ішінде бірқатар бағдарламаларды қаржыландыруға көрсетіп жатқан қолдауын, еліміздің ЮНЕСКО-ның қызметіне белсене қатысуын жоғары бағалады.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Францияға іссапармен барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66833/)