![Ресейде Бауыржан Байбек Ресей Мемлекеттік Думасының жетекшісі Сергей Нарышкинмен кездесу өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_67290.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Нұр Отан» мен «Единая Россия» партиялары арасындағы байланысты нығайту мәселелері «Единая Россия» партиясы бас кеңесінің хатшысы Сергей Неверовпен болған кездесуде егжей-тегжейлі пысықталды.
Қос елдің билеуші партиялары арасындағы және Парламентаралық қарым-қатынасты тереңдету мәселелері, Мемлекеттік Думадағы «Единная Россия» фракациясының жетекшісі, Дума төрағасының орынбасары Владимир Васильевпен болған бас қосуда айтылды.
Бауыржан Байбек көрші елдегі әріптестерін, Президент ұсынған 5 институционалды реформаны орындаудың «100 нақты қадамы» стратегиясымен таныстырды.
Аталған кездесулер барысында Ресей Федерация Кеңесі халықаралық істер жөніндегі комитет жетекшісінің орынбасары Андрей Климов елімізді Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде Бауыржан Байбек Ресей Мемлекеттік Думасының жетекшісі Сергей Нарышкинмен кездесу өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/66905/)