![Гүлшара Әбдіқалықова: БАӘ - Қазақстанның мұсылман әлеміндегі маңызды әріптесі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/2/article_26387.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық ұлттық кеңесінің төрайымы Әмәл-әл-Кубейсимен кездесті.
Тараптар екі елдің сан салада жүзеге асып жатқан жобаларын ортаға салды. Әсіресе, елордада салынып жатқан «Абу-Даби Плаза» кешені, «Al-Hilal» ислам банкі және «Фалах» бірлескен инвестициялық қоры әңгіме өзегі болды.
«БАӘ - Қазақстанның мұсылман әлеміндегі маңызды әріптесі», деген Гүлшара Әбдіқалықова қос ел басшылары негізін қалап берген достық қарым-қатынас пен берік байланыстардың болашақта да беки түсетініне сенім білдірді.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гүлшара Әбдіқалықова: БАӘ - Қазақстанның мұсылман әлеміндегі маңызды әріптесі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67169/)