![Елбасы Ташкентте ҚХР төрағасымен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1523.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Ташкентте өткен ШЫҰ аясында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары екі елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын қарастырып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар жайттар жөнінде пікір алмасты.
Си Цзиньпин Қазақстанның Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Ташкентте ҚХР төрағасымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67220/)