![Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1549.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы керегесін кеңейтті. Үндістан мен Пәкістан ұйымның мүшесі атанды. Бүгін Ташкентте өткен саммитте «алтылық» екі мемлекеттің мүшелікке кіруі бойынша міндеттері жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл – ұйымның халықаралық аренада беделінің артып келе жатқанының айқын көрінісі, -деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы Еуразиялық транзиттік-көлік хабын құруды ұсынды. Шанхай ұйымына ынтымақтасқан алты елдің лидерлері бүгін Ташкентте Орталық Азиядағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді жан-жақты талқылады. Әсіресе, терроризм мәселесіне басымдық берді.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67221/)