![Президенттің Жарлығымен Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_7570.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал, бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары лауазымын атқарған Дариға Назарбаева Президент Жарлығымен Сенат депутаты болды.
Ал, Әділет Министрі Берік Имашев, бүгіннен бастап Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне кіріседі. Сондай-ақ, Сәкен Жасұзақов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған Марат Бекетаев Президент Жарлығымен Әділет Министрі қызметіне тағайындалды.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президенттің Жарлығымен Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67239/)