![Колумбия үкіметі мен «ФАРК» ұйымы бейбіт келісімге қол қойды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_8628.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Колумбия үкіметі мен «ФАРК» ұйымы 52 жылға созылған қарулы қақтығыстардан кейін алғаш рет бейбіт келісімге қол қойды. Екі жақ ортақ ымыраға келу үшін 4 жыл келіссөз жүргізген. Осылайша, Колумбия жерінде бірінші рет президент пен осы ұйымның лидері қол алысып, жиын өткізді. Шараға қатысушылардың барлығы бейбітшіліктің символы ретінде ақ киім киген.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Колумбия үкіметі мен «ФАРК» ұйымы бейбіт келісімге қол қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67241/)