Конституциялық реформалар жобасының қоғамдық талқылауы өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциялық реформалар жобасының қоғамдық талқылауы өтті (ФОТО)

24.02.2017
Конституциялық реформалар жобасының қоғамдық талқылауы өтті (ФОТО)

Бүгін, 24 ақпанда ҚР АКМ ОКҚ интеллектуалды алаңында «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысымен бірлескен  ҚР Президентінің ел азаматтарына арнаған арнайы үндеуінде айтылған билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу мәселелері жөніндегі конституциялық реформалар жобасының қоғамдық талқылауы өтті. 

апапап

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Мәулен Әшімбаев, Еуропалық құқық және адам құқығын сараптау институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Марат Башимов, «Қазақстанның заңгерлер одағы» РҚҰ атқарушы директоры, 30-жылдық еңбек өтілі бар судья Дариға Құрманова, ҚР Заңнама институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Аслан Тукиев, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының кеңес мүшесі, тәуелсіз заңгер Ерсаин Оспанов, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы, «Finnish Business Hub» компаниясының директоры Мұхтар Манкеев қатысты.

р ниеионьин

«Бүгін талқыланып отырған реформалар  халық игілігі үшін жасалмақ. Елбасы ұсынған бұл реформалар жергілікті әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталуда», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев. 

мвмвмвмв

Ағымдағы жылғы ақпан айында Қозғалыс бірқатар өңірлерде қоғамдық талқылаулар өткізген болатын. Астанадағы қорытынды кездесуді ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметімен, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен және «Қазақстан» РТРК» АҚ-мен бірлесіп өткізді.

верпарапрап

Пікірталас оффлайн және онлайн режимінде өтті. Мұндағы мақсат – қарама-қайшы көзқарастарды, мүдделерді білдіретін адамдардың қызығушылығына жауап беретін бәтуаластықты дайындау және талқылау, ақпарат жинау және талдау үдерісіне тарту үшін заманауи технологияларды (оның ішінде сарапшылармен жұмыс технологиясы және краудсорсинг) қолдану.

уауауауа

 

питпатпртпт

ҚР қалаларында өткізілген пікірталас қорытындысы бойынша  және заңгерлердің ұсыныстарына талдау жасай отырып, іс-шарада «Қазақстан-2050» ЖҚ-дан «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бойынша ұсыныстарды қарау айтылған болатын.

вамавмиаиа

Іс-шараның прогрессивті форматы мемлекет пен қоғам арасында ашық үнқатысымға мүмкіндік беретін жағдай жасады.

авапвпва

«Бүгінгі күнге дейін отандық заңгерлерден еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізуге байланысты 27 ұсыныс, ал, басқа да заңдарға байланысты 32 ұсыныс келіп түсті», -деп хабарлады «Қазақстанның заңгерлер одағы» РҚҰ атқарушы директоры Дариға Құрманова.

пппппппререр

Осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігі мен қажеттілігі мемлекеттің коммуникациялық жұмыстарын, халықпен өзара іс-қимылды, тәжірибелерді талқылауды және мемлекеттік басқару саласындағы өзгертулерді жетілдірудің әдістерін үздіксіз іздеуден шығуға мүмкіндік береді. 

куапкупукпке

Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттің алдағы дамуы мен бейімделуі ел азаматтарының қатысуынсыз өтпеуі тиіс. Осыған байланысты, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы  азаматтық қоғам өкілдеріне талдау мен талқылау үшін алаң ұсынды.

уауауау

Алаң конституциялық реформаларға ұсынылған өзгерістердің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау үшін өлшемдер белгілеуге мүмкіндік берді.

Хабарламаларға жазылу