Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы күндердің іс-шаралар аңдатпасын жария етті.
Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 16 тамызда Сочи қаласында Ресей Федерациясы Президенті В.Путинмен екіжақты кездесуі өткізетіндігі айтылған.
Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі жайттар талқыланады деп күтілуде.