![Бүгін бірнеше аймақтың басшысы ауысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_16044.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Ол басқа қызметке ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметінен босатылды.
Ал, бұған дейін Қарағанды облысын басқарып келген Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Сондай-ақ, бүгін Маңғыстау облысының әкімі ауысты. Аймақтың жаңа басшысы болып бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып келген Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов тағайындалды.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін бірнеше аймақтың басшысы ауысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67439/)