Қазақстан Еуропалық одақпен арадағы сауда байланысын одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін Ынтымақтастық комитетінің 16-шы отырысында айтылды. Бүгінгі таңда Еуропалық одақ еліміздің басты сауда әріптесі саналады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша арадағы сыртқы сауда айналымы 24 млрд. АҚШ долларына жеткен. Сондай-ақ, Қазақстандағы тауар айналымының 50 пайызы және шет елдерден тартылған инвестицияның жартысынан астамы Еуроодақ елдеріне тиесілі екенін айта кету керек.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Еуропалық одақпен байланысты нығайтуға ниетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67450/)