Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес жиыны басталды. Басқосуға Президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуда. Мемлекет басшысы мінген ұшақ Манас халықаралық әуежайына түске таман қонды. Қазақ Президентін Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі қарсы алды. Президенттер алдымен шағын құрамда бас қосып, бірқатар мәселені жеке-жеке талқылады.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес жиынына қатысуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67466/)