Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады. Министр Мемлекет басшысына қаржылық тұрақтылықты сақтау, тексерістерді қысқарту және кәсіпкерлік секторға түсетін ауыртпалықты азайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу жүйесін, мемлекеттік аудит жұмысын жетілдіру барысын мәлімдеді. Өз кезегінде Елбасы бюджетті толықтырудың қосымша тетіктерін және мемлекеттік қарыздың қауіпсіз параметрлерін қалыптастыруды тапсырды. Ұлттық қорды ұлғайту қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, министрліктің алдында тұрған нақты үш міндетті айқындап берді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қаржы министрлігіне үш міндет жүктеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67478/)