Жиында экономиканың түрлі салаларындағы мәслелер талқыланды. Бұдан кейін Үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиынына да қатысты. Басқосу соңында бірақатар құжаттарға қол қойылды. Сапар барысында Үкімет басшысы сондай-ақ, Қазан қаласындағы Иннополис жоғары технологиялар қалашығына барып, ІТ саласындағы ғылыми инновациялық жұмыстармен танысты. Бақытжан Сағынтаевқа бизнес инкубатор мен Глонасс+112 мониторинг орталығының жұмыстары таныстырылып, стартап жобалар көрсетілді. Ал, Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесу кезінде екі ел Президенттерінің өткен жылы Астанадағы басқосуында қол жеткізген келісімдерін іске асыру жайы талқыланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/67507/)